Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Қақпақтың екі жақ шетіне керуб деген күзетші періштелердің екі мүсінін алтыннан балғамен соғып жасатып, орнатқыз. Олар қақпақпен бірге біртұтас алтыннан жасалсын. Қақпақтың екі жақ шетіне керуб деген күзетші періштелердің екі мүсінін алтыннан балғамен соғып жасатып, орнатқыз. Олар қақпақпен бірге біртұтас алтыннан жасалсын. Керуб мүсіндері қанаттарын жоғары жайып, қақпақты көлегейлеп, беттері бір-біріне қарама-қарсы, қақпаққа қарап тұрулары керек. Мен өзіңе беретін Келісім жайлы айғақтарды сандыққа сал да, үстін қақпақпен жауып қой. Сол жерден, Келісім сандығы қақпағының үстіндегі екі керуб мүсіндерінің ортасынан Мен саған тіл қатып, Исраилдің үрім-бұтағына сен арқылы бұйыратын ережелерімнің бәрін тапсырамын. Хош иісті заттарды өртеп түтету үшін аққараған ағашынан арнайы үстел жасат. Ең қасиетті бөлмеде биіктігі он шынтақ болатын, керуб делінген күзетші періштелердің екі мүсінін зәйтүн ағашынан ойып жасады. Әр керуб мүсінінің екі қанаты, ал әр қанатының ұзындығы бес шынтақ, қос қанатының арасындағы қашықтық он шынтақ болды. Екі керубтің де өлшемдері мен сырт қалыптары бірдей еді. Әр керубтің биіктігі он шынтақтан болатын. Сүлеймен олардың екеуін де ең қасиетті бөлмеге орналастырды. Жайылған қанаттарының бір шеті бөлменің ортасында өзара түйісіп, екінші шеттері бөлменің екі жақ қабырғаларына тиіп тұрды. Сүлеймен керуб мүсіндерін алтынмен қаптатты.
Выбор основного перевода