Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Сандықтың қақпағын да саф алтыннан жасат. Ұзындығы екі жарым, ені бір жарым шынтақ болсын. Байқа, барлығын саған осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасайтын бол! Киелі үйдің негізгі ғимаратының алдыңғы жағындағы бағаналы кіреберістің ені ғимараттың еніндей жиырма шынтақ болды. Бағаналы кіреберіс ғибадатханадан алға қарай он шынтақтай шығып тұрды. Сонымен қатар Дәуіт Жаратқан Иенің ғибадатханасының аулалары, киелі үйді айналдыра орналасқан бөлмелер, Құдайдың ғибадатханасының қазына қоймалары және Құдайға бағышталған олжалы заттар сақталатын қоймалар жайлы ойлап дайындаған бүкіл жоспарларын Сүлейменге тапсырды. «Бұлардың бәрін жазып қалдыруға Жаратқан Иенің Өзі мені жетеледі, — деді Дәуіт. — Ол маған жоба-жоспардың барлық егжей-тегжейлерін жете түсінуге қабілет берді».
Выбор основного перевода