Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Сол тұста патша Натан пайғамбарға:— Міне, мен самырсыннан салынған сарайда тұрып жатырмын, ал Құдайдың сандығы жай шатырда ғана тұр! — деді. Сонымен Дәуіт сарайына орнығып алғаннан кейін Натан пайғамбарға:— Мен самырсыннан салынған сарайда тұрып жатырмын, ал Жаратқан Иенің Келісім сандығы жай шатырда ғана тұр! — деді. Натан:— Ойыңыздағыны түгелдей жүзеге асырыңыз, себебі Құдай сізге жар болады, — деп жауап берді. мынаны айтты:— Ұлым, менің Құдай Иеме бағыштап киелі үй тұрғызбақ ниетім болған еді. Бірақ Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді: «Сен үлкен соғыстар жүргізіп, көптеген адамдардың қанын төктің. Менің көз алдымда соншама мол қан төккендіктен, Менің есіміме бағыштап киелі үй салуыңа болмайды! Бірақ сенің тыныштықта өмір сүретін ұлың болады. Мен оның жан-жағындағы барлық жауларын тыныштандырамын. Оның есімі — Сүлеймен. Сүлейменнің кезінде Мен Исраил еліне амандық пен тыныштық сыйлаймын. Менің есіміме арнап киелі үйді сол салады. Мен оған Әке, ал ол Менің рухани ұлым болады. Мен оның Исраил елінің үстінен патшалық құратын тағын мәңгілікке нығайтамын». Мақтау айтыңдар Иеміз — Құдайға:Ол киелі! «Табан тіренішінің» алдындаБас иіп ғибадат етіңдер Құдайға! Жүріңдер, тұрағына Оның кірейік,«Табан тіренішінде» мінажат етейік. (Пайғамбар:)Жаратқан Ие Сион халқын қалайшаӨз қаһарының бұлтымен тұмшалауда!Исраилдің даңқты ұлылығын ӨзіАспаннан жерге лақтырғандай етті!Қаһарын ашық білдірген сол күніИеміз ешқандай мүсіркемедіАяғының тұғыры — киелі үйді. Дәуіт Құдайдың ризашылығына ие болды. Ол Жақыптың сиынған Құдайының жер бетінде мекендейтін киелі үйін салмақшы еді. Сол үшін Құдайдан рұқсат сұрады.
Выбор основного перевода