Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Сонда сен Жаратқан Иенің Мұса арқылы Исраил халқына берген ережелері мен шешімдерін мұқият орындауға тырыссаң, табысқа жетесің. Қайратты да батыл бол! Еш нәрседен қорқып, түңілме! Дәуіт өзінің ұлы Сүлейменге тағы мынаны да өсиеттеді: «Қайратты да батыл бол! Жұмысқа кіріс! Ештеңеден қорқып, уайымдама! Құдай Ием саған жар болады. Жаратқан Иенің киелі үйінің құрылыс жұмыстарын бітіре алуың үшін Ол сені ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды. Дегенмен енді нығайып батыл бол, уа, Зоробабел! — дейді Жаратқан Ие. — Сен де нығайып батыл бол, уа, бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуа! Нығайып батыл болыңдар, уа, елдің бүкіл халқы! — деп шақырады Жаратқан Ие. — Еңбек етіңдер! Мен сендермен бірге жүріп жар боламын! — Әлемнің Иесі осы уәдені береді. —
Выбор основного перевода