Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін мұнысына да ар-ұжданының алдында ұят сезінді. Дәуіт серіктеріне қайта оралып:— Жаратқан Ие тағайындаған тақсыр иеме қарсы көтеріліп, оған қол жұмсаудан Құдай сақтасын! Бұл Жаратқан Ие тағайындаған патша ғой! — деп Саулға: — Біреулердің «Дәуіт сізге қастық ойлап жүр» дегендеріне неге сенесіз? — деп дауыстады. — Ендеше, тақсыр иеміз, алдыңыздағы қызметкерлеріңізге домбыраны шебер тартатын біреуді тауып алып келуге әмір ете көріңіз. Қинайтын рух сізге қонған кезде әлгі адам домбыра тартсын. Сонда өзіңізді жақсы сезінер едіңіз, — деген ұсыныс жасады. Жаратқан Ие әрбір адамға оның әділдігі мен сенімділігіне қарай сыйын береді. Жаратқан Ие сізді бүгін қолыма берсе де, мен сізге қарсы қол көтеруден бас тарттым. Өйткені Жаратқан Иенің тағайындаған патшасысыз. Саул өзінің қару-жарақ тасушы нөкеріне: «Семсеріңді суырып, маған сұғып ал! Мына құдайсыздар келіп, маған білгендерін істеп масқара қылмасын!» — деп бұйырды. Бірақ нөкері қатты қорқып, бұны істеуден бас тартты. Сонда Саул өз семсерін суырып алып, оны өзіне қарай қаратып үстіне құлап түсті. Өз обалың өзіңе. Жаратқан Иенің тағайындаған патшасын өлтірдім деп өз аузыңмен айтып, үкіміңді өзің шығардың! — деді.Содан ол сарбаздарының бірін шақырып алып: «Мынаны өлтір!» — деп бұйырды. Сарбаз келіп, бұйрықты жүзеге асырды.
Выбор основного перевода