Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құрбандықтардың жағымды иісі Жаратқан Иеге жеткенде, Ол іштей былай деді: «Адамның жүрегіндегі ой-ниеті бала кезден-ақ зұлымдыққа бейім болса да, Мен бұдан былай еш уақытта жерді адамдарға бола қарғамаймын. Енді ешқашан да Өзім жасағандай барлық тіршілік атаулыны құртып жібермейтін боламын. Қалаларыңды қиратып, киелі орындарыңды бос қалдырамын, тартуларыңның хош иісін де иіскемеймін. Самуил майға толған құтысын алып, одан Саулдың басына құйды. Оның бетінен сүйіп, былай деді:— Біліп қой, Жаратқан Ие сені Өзінің меншігінің басшысы етіп тағайындады! Мүмкін, патша осыған құлақ асып, мені де, ұлымды да Құдай бізге мұралыққа берген үлесімізден қол үздірейін деп отырған адамнан құтқарып қалар. Дәуіт Әбішай мен барлық қызметкерлеріне мынаны қоса айтты: — Тіпті өзімнің туған ұлым жанымды алмақшы! Ендеше мына буняминдіктің мені қарғауына одан да көп себебі бар. Жаратқан Ие оған солай айтқандықтан, бұл кісіге тиіспеңдер! Мейлі, қарғай берсін! Сен оларды жер бетіндегі басқа барлық халықтардың арасынан Өзіңнің меншікті халқың болуға таңдап алғансың. Біздің ата-бабаларымызды Мысырдан бастап алып шыққан кезіңді осыны өз қызметшің Мұса арқылы айтқансың, уа, Жаратушы Тәңір Ие!» Нағыман сонда пайғамбарға мына өтінішті жасады:— Онда маған ең болмағанда екі қашырыма көтергендерінше осы жердің топырағын артып алуыма рұқсат етіңізші. Өйткені бұдан былай мен бөтен тәңірлерге емес, тек Жаратқан Иеге ғана шалынып, өртелетін құрбандықтар мен сый-тартуларды ұсынатын боламын.
Выбор основного перевода