Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәуіт те үңгірден шығып, Саулдың соңынан:— Уа, патша ием! — деп айқайлады. Саул артына қараған кезде Дәуіт басын жерге дейін иіп тағзым етіп, Үңгірде болғаныңызда Жаратқан Ие сізді қолыма тапсырып-ақ еді, соған енді көз жеткізе аласыз. Маған «Көзін құртыңыз!» деді, бірақ мен: «Тақсыр иеме қол жұмсамаймын, ол Жаратқан Иенің тағайындаған патшасы ғой!» деп, сізге жаным ашыды. Қараңызшы, әке, шапаныңыздың бір шеті, міне, менің қолымда! Оны жаңа ғана шапаныңыздан кесіп алдым, бірақ өзіңізді өлтірмедім. Содан менің сізге ешқандай қастық не бүлік жасамағанымды біліп алыңыз.Сізге істеген ешбір жамандығым жоқ, ал өзіңіз қалайда жанымды алу үшін артымнан қалмай жүрсіз. Екеуіміздің арамызда Жаратқан Ие төрелік етсін! Істеген істеріңізге қарай Жаратқан Иенің Өзі сізді жазаламақ. Бірақ мен сізге қолымның ұшын да тигізбеймін. Ата-бабамыз: «Зұлымдықты зұлымдар жасар» деп мақалдап айтып кеткен емес пе? Сондықтан мен сізге қолымның ұшын да тигізбеймін!
Выбор основного перевода