Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәуіт пен Әбішай түн жамылып, әскер қосына қарай төмен түсті. Саул бекінген тұрақтың ортасында, сүңгісі бас жағында жерге қадаулы күйі ұйықтап, ал Әбенир мен жауынгерлер оны қоршап жатыр екен. Бірақ Өзінің тағайындаған патшасына қол тигізу дегеннен Жаратқан Ие сақтай көрсін! Одан да бас жағындағы сүңгісі мен құмырасын ал, сосын кетейік, — деген еді. Дәуіт сол байға қатты ашуланып, Натан пайғамбарға:— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: мұны істеген адам өлімге лайық! Патша діни қызметкер Абиятарға былай деп бұйырды: «Анатоттағы өзіңнің егістік жеріңе бар. Сен өлімге лайықтысың. Алайда әкем Дәуіттің көзі тірі кезінде Жаратушы Тәңір Иенің Келісім сандығын көтеріп жүріп, әкемнің көрген бүкіл қиындықтарын бірге бөліскенің үшін, сені бүгін өлтірмей-ақ қояйын». —
Выбор основного перевода