Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Жаратқан Ие бұлт ішімен төмен түсіп, Мұсамен сөйлесті; Мұсаға қонған Рухтан алып, Оны сол жетпіс ақсақалға үлестіріп қондырды. Өздеріне Рух қона салысымен олар пайғамбар ретінде Құдайдың хабарын жеткізе бастады. Ал кейін олар бұларын тоқтатты. Ал Мұса оған:— Сен менің қамымды жейсің бе? Жаратқан Ие өз халқының бәріне де Өзінің Рухын қондырып, олардың барлығының да пайғамбар болып кетуін тілеймін, — деп жауап қайырды. Жаратқан Иенің Рухы Отниелге қонып, ол Исраилге билік айтты. Отниел соғысқа аттанғанда Жаратқан Ие оның қолына Месопотамияның патшасы Қушан-Рушатаимды тапсырып, Отниел оны жеңіп шықты. Сол сәтте Жаратқан Иенің Рухы Самсонға құдіретпен қонып, ол арыстанды лақ құрлы көрмей жай қолдарымен-ақ қақ жарып бөліп тастады. Мұны әке-шешесі көрген жоқ, өзі де айтқан жоқ. Сонда Самсонға Жаратқан Иенің Рухы құдіретпен қонып, ол (філістірлердің) Ашкелон қаласына ылдилап барып, сол жердің отыз адамын өлтірді. Олардан олжа алып, отыз киімді жұмбақтың шешуін айтқандарға үлестіріп берді.Самсонның қаһары лаулап, ол әкесінің үйіне өрлеп қайта оралып, сол жерде тұрып қалды. Саул бұл сөздерді естігенде Құдайдың Рухы оған қонып, бойын қатты ашу кернеді. Саулға Құдай жол берген қинайтын рух қонған сайын Дәуіт домбырасын алып, тартатын. Сонда Саул тәуір болып, қинайтын рух та оны тастап кететін. Сол жерге бара жатқан кезде Саулға да Құдайдың Рухы қонып, оны ерекше көңіл күйіне түсіріп, ол Рамақтағы Найотқа жеткенше солай болды. Бұл жерде Саул сырт киімін шешіп тастап, Самуилдің алдында пайғамбар іспетті ерекше күйде болып, жерге құлап түсті. Бұл күні және түні бойы патша сырт киімсіз жатып шықты. Сол себептен де жұрт: «Саул да пайғамбарлардың қатарына қосылған ба?» деп айтады.
Выбор основного перевода