Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылайша Рахила қайтыс болды. Оның мәйіті Ефратаға бара жатқан жолда, қазір Бетлехем деп аталатын жерде, қабірге қойылды. Жақып қабірдің басына құлпытас орнатты. Рахиланың құлпытасын осы күнге дейін көруге болады. Бірде Қиштың есектері адасып, жоғалып кетті. Сонда ол Саулды: «Балам, қызметші жігіттердің біреуін ертіп алып, есектерді іздеуге шықсаңшы», — деп жұмсады. Олар Ефрем руының таулы жерін және Шалишаның маңайын аралап шыққанмен таба алмады. Содан Шағалимға барғанда есектері сол аймақта да жоқ болып шықты. Кейін Буняминнің жерін шарлап, жоқтарының ізіне түсе алмады. Ақырында Сұфтың үрім-бұтағы мекендеген жерге жеткенде Саул өзіне еріп жүрген қызметшіге:— Енді үйге қайтайық. Әйтпесе әкем есектерді емес, бізді уайымдап жүрер, — деді.
Выбор основного перевода