Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Дәуіттің досы әрі жеке кеңесшісі архилік Хушай Абессаломға кезігіп:— Патша жасасын! Патша жасасын! — деп ұрандап қошеметтеді. Одан тараған ұрпақтардан жеті ер адам қолымызға тапсырылсын. Біз оларды Жаратқан Иенің алдында, Оның Гибеондағы тауында асып өлтірейік, — деді. Патша оларға:— Мен соларды қолдарыңа тапсырамын! — деп сөз берді. Өйткені Адониях бүгін қала сыртында мүйізді ірі қара, бордақыланған өгізшілер мен қой-ешкіні көптеп құрбандыққа шалғызды. Ол күллі патшазадалар мен қолбасшыларды және діни қызметкер Абиятарды шақырды. Олардың барлығы оның қасында ішіп-жеп, «Адониях патша жасасын!» деп құттықтауда. Содан соң Еходай патшазада Жоғасты сыртқа алып шығып, басына тәж кигізіп, қолына Келісімнің айғағын ұстатты. Діни қызметкерлер Жоғасқа май жағу рәсімін орындап, оны патша етіп жариялады. Барлығы қолдарын шапалақтап, «Патша жасасын!» — деп ұрандап айқай салды. Сонымен қатар ол барлық қалаларды қалқан, найзалармен жабдықтап, мықтап бекітті. Осылай Яһуда мен Бунямин рулары Рохабоғамның билігінде қалды.
Выбор основного перевода