Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі өз халқы — Жаратқанның үлесі,Жақыптың ұрпақтары — Оның меншігі. «Ертең осы уақытта саған Бунямин жерінен бір адамды жіберемін. Оған май жағу рәсімін жасап, оны меншікті халқым Исраилдің басшысы етіп тағайында! Ол халқымды філістірлердің қол астынан азат етеді. Халқымның қиналған айқайы құлағыма жетіп, оларға назар аударып келемін». Самуил алып келген құтысын қолға алып, Дәуітке ағаларының көзінше май жағу рәсімін орындады. Сол күннен бастап Жаратқан Иенің Рухы Дәуітке қонды. Мұнан кейін Самуил Рамаққа қайтып кетті. Сонда Яһуда руының адамдары келіп, Дәуітке май жағу рәсімін жасап, оны Яһуданың патшасы етіп тағайындады.«Ғилақадтағы Ябестің тұрғындары Саулдың мәйітін қабірге қойыпты» деген хабар Дәуітке жетті. Сол жерде діни қызметкер Садық пен Натан пайғамбар екеуің оны май жағу рәсімінен өткізіп Исраилдің патшасы етіп тағайындаңдар! Мұнан кейін кернейлеріңді тартып, «Сүлеймен патша жасасын!» деп дауыстап жар салыңдар! Діни қызметкер Садық киелі шатырдан зәйтүн майына толған мүйіз құтыны алып келіп, Сүлейменге май жағу рәсімін жасап, оны патша етіп тағайындады. Кернейшілер керней тартып, сол жердегі күллі халық: «Сүлеймен патша жасасын!» — деп жар салды. құтыдағы майды басына құйып, оған былай де: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен сені Исраилдің үстінен патша етіп тағайындадым!» Бұдан кейін есікті ашып, еш кідірмей сол жерден жүгіріп кетіп қал!» Ол тұрып, екеуі үйге кірген соң пайғамбардың шәкірті қолындағы құтының майын Ехудің басына құйып тұрып былай деді:— Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен сені май жағу рәсімінен өткізіп өз халқым Исраилдің үстінен патша етіп тағайындадым! Саулық бағып жүрген жерінен алдырды,Жақыптың ұрпақтарын оған бақтырды,Меншікті Исраил халқын қамқорлатты. Уа, Жаратқан, бірде Сен аян берген едің,Адал кісіңе мынадай сөз айтқан едің:«Мен жауынгер адамға күш-қуат дарыттым,Халықтан оны таңдап ап, жоғарылаттым:
Выбор основного перевода