Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан кейін сен Құдайдың Гибея қаласына барасың. Сол жерде філістірлердің жасақшылар тобы да орналасқан. Оған жақындағанда пайғамбарлар қауымының бір тобын кездестіресің. Олар ғибадат орнынан төмен түсіп, шертер, даңғыра, сыбызғы және жетіген тартып, ерекше көңіл күйімен Құдайды мадақтап келе жатады. Сонда Жаратқан Иенің Рухы саған құдіретпен қонып, сен де олармен бірге ерекше күйге еніп, Құдайды мадақтайсың. Сол сәтте жан дүниең өзгеріп, басқа адам болып кетесің. Саул бұл сөздерді естігенде Құдайдың Рухы оған қонып, бойын қатты ашу кернеді. Самуил алып келген құтысын қолға алып, Дәуітке ағаларының көзінше май жағу рәсімін орындады. Сол күннен бастап Жаратқан Иенің Рухы Дәуітке қонды. Мұнан кейін Самуил Рамаққа қайтып кетті. патша Дәуітті қолға түсіру үшін адамдарын жіберді. Бұлар келіп, ерекше көңіл күйіне түскен пайғамбарлар тобын және оларды бастап жүрген Самуилді көргенде, Құдайдың Рухы Саулдың адамдарына қонып, солар да ерекше күйге түсті.
Выбор основного перевода