Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа «Құдіреті шексіз Құдаймын» деп аян бергенімде оларға Өзімнің «Жаратқан Ие» деген есімімді білдірген жоқпын. Уа, Ием, ұлы да айбарлы есіміңдіХалықтар мадақтасын: ол киелі! Олар Мен өздеріне сыйлайтын балаларын көргенде, Жақыптың Киелі Құдайы деген қасиетті есімімді құрметтеп, Мені, Исраилдің Құдайын, терең қастерлейді. Өзінің отарында құрбандыққа ұсынуға лайықты мінсіз еркек тоқтысы болып, соны Тәңір Иеге бағыштап шалуға уәде бере тұра, кейін Оған кемістігі бар басқа малды ұсынған өтірікшіні қарғыс атады! Өйткені Мен ұлы Патшамын! — деп ескертеді Әлемнің Иесі. — Менің есімім өзге халықтардың арасында айбатты болып, терең қастерленеді.
Выбор основного перевода