Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен мезгілінде жаңбыр жаудырамын, сонда жер өнімін, ағаштар жемісін береді. Егер солай істесеңдер, онда Ол елдеріңе күзгі де, көктемгі де жаңбырды мезгілінде жаудырып тұратын болады. Осылайша сендер астықты, жүзім шырынын және зәйтүн майын уақытында жинап, дайындап алатын боласыңдар. Осылайша араларыңдағы мұралық жер үлестері жоқ леуіліктер әрі жат жұрттықтар мен жетім-жесірлер келіп, соны жеп, тойынуларына болады. Сонда Құдайларың Жаратқан Ие сендерді қолға алған барлық іс-әрекеттеріңде жарылқайды. онда Құдай Иеміз Өзі уәде еткендей, сендерді жарылқайтын болады. Сендер көптеген халықтарға қарыз беріп, бірақ өздерің қарыз алмайтын боласыңдар. Сендер көптеген ұлттарға билік құрасыңдар, бірақ олардың ешқайсысы сендердің үстеріңнен билік құрмайтын болады.
Выбор основного перевода