Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қожайыны Жүсіпке сарайын, барлық дүние-мүлкін сеніп тапсырғаннан бері Жаратқан Ие оның өзін де, үйіндегі және даладағы барлық иелігін де Жүсіпке бола жарылқап, батасын қондырды. (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Жаратқан Иені қастерлейтін,Оның жолдарымен жүретінӘрбір адам қандай бақытты! Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің,Құдай сені жарылқап, өркендейсің. Әйелің сенің үйіңнің ішіндегіЖемісті жүзім бұтасы секілді,Ал ұл балаларың дастарқан басындағыЗәйтүн ағашының өркендері сияқты. Жаратқан Ие осылай жарылқайдыӨзін терең қастерлеген жандарды.
Выбор основного перевода