Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
онда Мен сендерге мыналарды істеймін: аяқ астынан үрей туғызамын, араларыңа өкпе ауруын әрі көздеріңді соқыр етіп, өмірлеріңді қысқартатын індет жіберемін. Жауларың өнімдеріңді тартып алып, егіндеріңді бекер себетін боласыңдар. Болашақта елді ашаршылық не індет жайлап, егінді өсімдік таты басып немесе көгеріп шірісе, құрт-шегіртке жалмап, не болмаса елге жау шауып, қалаларын талан-таражға салса, яки халықтың арасында қандай да бір апат болып не ауру-сырқау жайылса, «Сендердің егістіктеріңе, бау-бақшаларың мен жүзімдіктеріңе шіру және көгеру індеттерін жіберіп, оларды құрттым. Інжір мен зәйтүн ағаштарыңды шегіртке жалмап жойды. Бірақ сендер сонда да Маған қайтып келмедіңдер!» — деп әшкерелейді Жаратқан Ие. Себебі Мен сендерді және істеген істеріңнің бәрін өсімдік татымен, қуаңшылықпен және бұршақпен зақымдадым. Әйтсе де сендер өкініп, Маған қайтып келмедіңдер, — деп ескертеді Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода