Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендерге Өзім қарсы шығамын, сонда жауларыңнан жеңіліп қаласыңдар. Өздеріңді жек көретіндер сендерге билігін жүргізетін болады. Тіпті ешкім арттарыңнан қумаған кезде де үрейленіп қашатын боласыңдар. Иә, ешкім қумағанда да семсерден қашқандай шошына безіп, бір-біріңнің үстіне құлайтын боласыңдар. Осылайша сендердің жауларыңа қарсы тұруға қауқарларың болмайды. Жауларың сендерге қарсы көтерілсе, Жаратқан Ие оларды көз алдарыңда тізе бүктіреді. Олар сендерге қарсы бір жолмен аттанса, жеті жолмен кері қашады. «Жартастай Қорғандары» — Жаратқанның ӨзіЖау қолына тапсырмаса Исраилді,Қалайша жаудың жалғыз жауынгеріИсраилдің мың сарбазын қуар еді?Және қалайша жаудың екі жауынгеріОн мыңдай исраилдікті қашқызар еді? Сол себепті Жаратқан Ие Яһуда мен Иерусалимге қаһарланды. Өз көздеріңмен көріп тұрғандай, Иеміз оларды қорқынышты көрініске айналдырып, басқа халықтардың ысқырып табалауына қалдырды. Яһуданың патшасы Езекия ұлы Манасаның Иерусалимде істеген зұлым істері үшін Мен оларды жер бетіндегі барлық патшалықтардың алдында қорқынышты көрініс етемін. Мен барлық патшалықтарды олардан шошынып аңтарыла жиренетін қыламын. Қай жерге шашыратып жіберсем де, олар мазаққа айналып табаланады әрі келекеленіп қарғалатын болады. Сонымен Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Қалың қолды жинап алып кел, олар екеуінің зәре-құтын алып, тонасын!
Выбор основного перевода