Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
(Дәуіттің жыры.)Арамзаларға ренжіп ашуланба,Жамандық жасайтындарға қызықпа, Ашу-ызаңнан қайт, бас қаһарыңды,Сұмдыққа өршітпесін олар жаныңды. Нық сүйеніп келемін Жаратқан Иеме,Бұрылып, құлақ түрді Ол өтінішіме. Жаным тыным табады жалғыз Құдайдан,Құтқарылуым келеді тек қана Одан, Жан дүнием, тыным тап жалғыз Құдайдан,Үміт келеді маған тек қана Одан, Күнәкарлардың өркендеуін көрдім,Менмендерге қызғана қарай бердім. Исраилдің Киелі Құдайы — Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады:— Теріс жолдарыңнан қайтып, тынышталыңдар, сонда құтқарыласыңдар. Уайымға салынбай Маған сенім артыңдар, Мен сендерді күшті қыламын. Алайда солай істегілерің келмеді. — Уа, Жаратқан Ие, мен дауымды алдыңа салғанда, Сен әрқашан әділсің. Ал енді осы мәселелер жайлы Өзіңмен сөйлеспекпін: неліктен зұлымдардың өмірі табысты? Неліктен опасыздар алаңсыз жүріп өркендейді?
Выбор основного перевода