Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қайта, оған қолдарың ашық болып, мұқтаждығына қарай қарыз беріңдер. Керісінше, оған шын көңілмен, жомарттықпен көмектесіңдер! Осылай істегендерің үшін Құдайларың Жаратқан Ие сендерді қолға алған барлық іс-әрекеттеріңде жарылқайтын болады. Арсыз жан қарыз алып, қайтармайды,Әділ жан мүсіркеп, қамқорлайды. Мұқтажға қайырыммен қарыз береді,Әрі істерін әділдікпен жүргізеді,Содан оның өзі де жақсылық көреді. Ол мұқтаждарға мол көмек таратады,Оның әділдігі мәңгіге ұласады,Абыройы да жоғарылайтын болады. Қақпа ысырмаларыңды Ол нығайтқан,Ішіңдегі халқыңды жарылқаған, Сұрағанға мұқтажын бер, қарыз алғысы келгеннен де теріс айналма. Егер одан қайтарып алармын деген үмітпен біреуге қарыз берсеңдер, сол үшін қандай сый алмақсыңдар? Берген нәрселерін түгелдей қайтарып алу үшін күнәкарлар да өзі сияқтыларға қарыз береді. Бірақ сендер жауларыңды да жақсы көріңдер! Жақсылық істеп, жарлыларға ештеңе дәметпестен қарыз беріңдер! Сонда көктегі сыйларың зор болып, Құдай Тағаланың рухани балалары боласыңдар! Ол тіпті рақмет айтуды білмейтіндер мен жамандарға да мейірімді.
Выбор основного перевода