Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ата-анаңды сыйла!Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе. Құдайларың Жаратқан Иені сүйсеңдер, Оның дауысына құлақ салып, Онымен тығыз байланыста тұрсаңдар, шіркін! Себебі шынайы өмірлерің осы. Сонда Жаратқан Ие ата-бабаларың Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа антпен уәде еткен елінде өздеріңді ұзақ уақыт мекендететін болады. Халайық, лайым Оған сенім артыңдар,Ойларыңды Оған толық ашыңдар,Құдай — біздің панамыз, мұны ұмытпаңдар! Уа, әлемнің құдіретті Иесі — Жаратқан,Қандай бақытты Өзіңе сенім артқан жан! Жаратқан Иеге сеніңдер әрқашан,Құдай жартастай берік, мәңгі қорған. Тәңір Ие оларды ізгі шопандай бағады: «қозыларын» қолына алып, кеудесіне басып көтеріп, «саулықтарын» жайлап алға бастап жүреді.
Выбор основного перевода