Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар шайқас кезінде Құдайға дауыстап сиынғандықтан Ол соларға жар болып ажарлықтарды жақтастарымен қоса бұлардың қолдарына тапсырды. Сарбаздар Құдайға сенгендіктен, Ол мінажаттарына құлақ асты. Ұлының аяғын сүйіп бағыныңдар!Әйтпесе Ол кәрленіп, көздеріңді құртпақ,Ашуы лезде жалындай лауламақ.Ал Оған сенгендер бақытты болмақ. Ұясының үстінен қалықтап ұшып жүретін құс іспетті, Әлемнің Иесі де Иерусалимді қорғайды. Иә, Ол қаланы қорғап, құтқарады, оны ешкімге күйретпей үстінен «өте шығып», аман алып қалады. Егер лаулап жанып тұрған пешке лақтырылсақ та, ғибадат етіп жүрген Құдайымыздың бізді құтқаруға құдіреті жетеді. Ол бізді сіздің қолыңыздан құтқаратын болады да! Патша бұған қатты қуанып, Даниялды арыстандардың апанынан шығарып алуға бұйырды. Апаннан шыққан Даниялдың денесінен бірде-бір жарақат табылмады. Себебі ол өз Құдайына сенім артқан еді. Петір өзіне-өзі келгеннен кейін: «Иеміздің періштесін жіберіп, мені Иродтың қолынан және яһуди халқы күткеннің бәрінен құтқарғанын енді шынымен біліп тұрмын», — деді.
Выбор основного перевода