Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса қолын теңіздің үстіне қарай созғанда Жаратқан Ие шығыстан қатты жел жіберді. Ол түні бойы соғып, теңіз суын әрі қарай итеріп, түбін құрғатты. Су қақ айырылған кезде Көрінді сонда теңіздің арналары,Әрі дүниенің негіздері ашылды,Уа, Жаратқан Ие, қатаң сөгісіңнен,Қаһарлы да құдіретті лебіңнен. Құдайдың ежелгі істерін ұмытқан:Ғажап кереметтерін Ол жасаған Олар ұмытты Оның шексіз құдіретін,Қанаған жауларынан құтқарған кездерін: Сонда Сен теңіздің суын құрғатыпТүпсіз тұңғиығынан бір жол аштың,Халқыңды жаудың қолынан құтқарыпСол жолмен арғы жаққа алып шықтың! Сонда Оның халқы ежелгі заманды —Мұса пайғамбар мен оның қасындағыХалқының тарихын естеріне алды:«Бағушысы Мұсамен бірге халықтыТеңізден өткізіп, басшыларынаӨзінің Киелі Рухын қондырғанСол Жаратқан Иеміз қазір қайда? Өзі Мұсаны ұлы құдіретіменҚолынан ұстағандай болып жетелеген,Алдынан теңіз суын қақ айырған,Халқын теңіз түбімен бастап алып шыққан,Өз даңқын мәңгілікке нық орнатқанҚұдай Иеміз қазір қайда екен?Олар кең далада көсіле шапқанСайгүліктей терең теңіз түбіненЕшбір сүрінбестен-ақ өте шықты. Өзі Мұсаны ұлы құдіретіменҚолынан ұстағандай болып жетелеген,Алдынан теңіз суын қақ айырған,Халқын теңіз түбімен бастап алып шыққан,Өз даңқын мәңгілікке нық орнатқанҚұдай Иеміз қазір қайда екен?Олар кең далада көсіле шапқанСайгүліктей терең теңіз түбіненЕшбір сүрінбестен-ақ өте шықты. Шұрайлы сайға түскен мал сияқтыХалқына Жаратқан Иенің РухыСыйлады тыныштық пен амандықты».О, Құдай, осылай халқыңды ӨзіңніңЕжелгі замандарда бастап жүрдің,Осы бір құдіретті істеріңменМәңгілік өшпейтін даңққа кенелдің.
Выбор основного перевода