Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұлдарыңа олардың қыздарын алып бермеңдер! Әйтпесе сол келіндерің шынайы Құдайға опасыздық жасап өздерінің жалған тәңірлеріне құлшылық еткенде, сендердің ұлдарыңа да солай істетпек. Олар бұдан былай Жаратқан Иеге опасыздық жасап, теке кейпіндегі жалған тәңірлерге құлшылық етпесін, әрі соларға ешбір құрбандықтарын ұсынбасын! Бұл — олардың өздері үшін де, келер ұрпақтары үшін де тұрақты ереже. Осы шашақтар сендерге ескертпе болады. Ондағы мақсат — шашақтарды көрген сайын естеріңе Жаратқан Иенің барлық өсиеттері түсіп, соларды орындауларың, әрі өз жүректерің мен көздеріңнің құмарлығымен жүріп, Маған опасыздық жасаудан аулақ болуларың. Мен сол иен далада олардың балаларына былай дегенмін: «Ата-бабаларыңның жаман әдет-ғұрыптарын орындамаңдар, олар табынған жалған тәңірлермен өздеріңді арамдамаңдар!
Выбор основного перевода