Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Мен Жақыппен жасаған Келісімімді, Ысқақпен жасаған Келісімімді, сондай-ақ, Ыбырайыммен жасаған Келісімімді есіме аламын. Сонымен қатар осы елді де есіме түсіремін. Болашақта Мен сендерге айтып берген барлық баталар мен қарғыстар бастарыңа түсіп, Құдайларың Жаратқан Ие сендерді бытыратып шашып жіберген түрлі жат халықтардың арасында тұрып жатсаңдар, осы нұсқауларымды естеріңе алыңдар! Егер сендер және балаларың Құдайларың Жаратқан Иеге қайтадан бет бұрып, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған өсиеттерге сай Оған шын жүректен, бүкіл жан дүниелеріңмен мойынсұнсаңдар, онда Құдай Иеміз сендерді құлдықтан қайтарып алып, аяп-мүсіркейді. Ол сендерді Өзі шашыратып жіберген халықтардың арасынан қайтадан жинап алмақ. Қашан райыңнан қайтасың, уа, Иеміз?Пенделеріңе шапағат тигізе гөр, Мәңгі есінде сақтайды Ол өз Келісімін,Келер мың буынға да бұйырған өсиеттерін — Ол қайғыртса да, кейін рақым көрсетеді,Соншалықты зор Оның берік мейірімі!
Выбор основного перевода