Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
онда Құдай Иеміз сендерді құлдықтан қайтарып алып, аяп-мүсіркейді. Ол сендерді Өзі шашыратып жіберген халықтардың арасынан қайтадан жинап алмақ. Оған былай деп мінажат етіңдер:«Құтқарушымыз Құдай, аман сақтай гөр,Басқа ұлттардан бізді босатып жинай гөр!Сонда дәріптейміз киелі атыңдыҚуана мақтан тұтамыз ұлы даңқыңды». Исраилдің Құдай Иесі мадақталсын,Мәңгіліктен мәңгілікке Ол даңқталсын!Жиналып тұрған барша халық: «Аумин! Жаратқан Ие мадақталсын!» — деп жауап берді. Иеміз Иерусалимді қайта салар,Исраилдің айдалғандарын қайтарар, Басқа халықтарға арнап туын көтергендей белгі беріп, Солтүстік Исраил мен Яһуда патшалықтарының жер аударылып, шашыраған халқын дүниенің төрт бұрышынан жинап, қайтарып әкелмек.
Выбор основного перевода