Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол себепті Исраил халқы қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктердің араларында өмір сүріп жатты. Алайда исраилдіктер сол халықтармен қыз алысып, қыз берісіп, олардың тәңірсымақтарына құлшылық ететін болды. Өйткені олардың өздері және ұлдары бөтен ұлттардың бірсыпыра қызына үйленіп алған. Осылайша Құдайға бағышталған халық жалған тәңірлерге табынатын көршілес ұлттармен араласып кеткен. Мұндай опасыздықты алдымен істейтіндер — басшылар мен қызметкерлердің өздері!» О, Иеміз, Сен бізді: Өзің таңдап алған халқыңды, Жақыптың үрім-бұтағын тастап кеттің! Себебі ел іші шығыстан келген жаман әдет-салттарға толып тұр. Халқың Өзіңе мойынсұнбаған бөтендермен қол алысып, келісім жасайды, әрі філістірлердей сәуегейлікпен, сиқыршылықпен айналысады. Ефремнің халқы бөтен халықтармен араласып кетті. Ол төңкерілмеген, сондықтан бір жағы күйіп, екінші жағы шикі піскен нан сияқты болып қалды.
Выбор основного перевода