Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мысырлықтар сені көргенде: «Мынау — оның әйелі» деп, саған бола мені өлтіріп, ал сені тірі қалдырып, иемденіп жүрер. Маған да, саған да жақсы болсын, өз игілігің үшін де мені аман қалсын десең, өзіңді «Ыбырамның қарындасымын» деп айтарсың. Алла Тағаланың панасында тұрған адамҚұдіреттінің саясынан табады тыным. Мен Жаратқан Иеге былай дейтін болам:Бас сауғалайтын панам әрі қорғаным,Сенімімді Саған артам, уа, Құдайым! Хақ Тағала сені зұлымның тұзағынанӘрі жойқын обадан сақтайды аман. Сені Өзінің «қанатымен» жауып алады,«Қалқан мен қамалың» — Оның адалдығы,Осылай өмірің қауіп-қатерсіз болады. Түнде сен қара түнек қорқынышынан,Күндіз де қорықпайсың жау оғынан, Сескенбейсің түнгі індет-ауруданҺәм тал түсте басыңа төнген апаттан. Қасыңда мыңдағандар қаза тапса,Оң жағыңда он мыңдап қырылғанда,Саған зақым жақындай алмайды да. Тек болып жатқанды көріп тұрасың,Зұлымдардың жазаланғанын ұғасың. Сен Жаратқанға сенім артып келесің,Алла Тағаланы панаң етесің, Басыңа енді жамандық түспейді,Үйіңе ешбір апат та төнбейді. Періштелеріне Ол сен жайлы бұйрық береді:Қай жолмен жүрсең де, олар сені қорғап күзетеді, Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшінҚолдарына көтеріп сені алып жүреді. Жас арыстан мен оқжыланды аяқпен таптайсың,Үлкен арыстан мен абжыланды жаншып тастайсың. Себебі Жаратқан Ие былай деп айтқан:«Өзімді сүйгенді Мен құтқарып аламын,Өзімді мойындағанды қорғайтын боламын, Ол Маған сиынғанда құлақ саламын,Азап шеккен кезінде оған жар боламын,Аман-есен сақтап, құрметке бөлеймін. Ғұмырын ұзақ қылып риза етемін,Құтқаруымды оған сыйлап беремін». Ақылмен еңбек еткен игілік табар,Жаратқанға сенім артқан бақытты болар. Жаратқан Иенің есімі — мықты мұнара,Бас сауғалаған әділге қауіпсіз пана. Ал Жаратқан Иеге сенімін артатын, бар үмітін Оған жүктейтін адам бақытты! Содан Ирод Жақияны өлтіргісі келді, бірақ оны пайғамбар деп санайтын халықтан қорықты. Ал Исраилдің басшы адамдарының көбі Исаға сенді, бірақ парызшылдар мәжілісханадан шығарып жібермесін деп Оны ашық мойындаған жоқ. Себебі олар Құдай беретін құрметті емес, адамнан көретін құрметті көбірек ұнататын.
Выбор основного перевода