Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұзақ уақыттан кейін Мысырдың патшасы дүниеден қайтты. Ал исраилдіктер әлі де құлдықтан бейнет шегіп, күңірене күрсініп зарлап жатты. Олардың көмек сұрап жалбарынуы Құдайдың құлағына жетті. Шабармандар патшаның бұйрығымен тез аттанып кетті. Жарлық Сузы қорғанында да жарияланды. Патша мен Хаман шарап ішуге отырды, ал Сузы қаласының халқы не болғанын түсінбей абыржыды. Мардохай үстіне патша киетін көк және ақ түсті киімдер, басына үлкен алтын тәж киіп, қырмызы бәтес шапан жамылып патшаның алдынан шықты. Сузы қаласының халқы шаттана айқайлап тойлады. Әділдің амандығына қала қуанар,Зұлымның құруына мәз-мейрам болар. Әділдер жеңіп шықса, елдің ұлылығы асар,Зұлымдар үстемдік етсе, жұрт бас сауғалар. Зұлымдар үстемдік етсе, жұрт бас сауғалар,Зұлымдар құлап түссе, әділдер саны молаяр.
Выбор основного перевода