Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер бір адам басқа біреудің алдында кінәлі болып қалса, онда Құдай тағайындаған билер екеуінің арасында жүріп, оның сөзін сөйлей алады. Ал егер ол Жаратқан Иенің Өзіне қарсы күнә жасаса, онда сол пенденің сөзін кім сөйлейді?»Әйтсе де ұлдары Елидің айтқанына құлақ аспады. Өйткені Жаратқан Ие оларды өлімге бұйырып қойған болатын. Алайда олар Құдайдың хабаршыларын мазақ қылып, сөздеріне күліп, пайғамбарларын келекелей берді. Ақыр соңында Жаратқан Ие өз халқына әбден қаһарланды. Оларды енді аман қалдырудың ешбір шарасы қалмады. Бірақ шақырсам да, тыңдаудан бас тарттыңдар,Құшағымды жайсам да, назар аудармадыңдар, Ақыл-кеңесіме мүлдем ден қоймадыңдар,Ескертулерімді де қабылдамадыңдар! Сол үшін қиналған кездеріңде күлемін,Үрейлерің ұшқанда келеке етемін. Қорқыныш сұрапыл дауылдай соққанда,Зобалаң бастарыңа құйындай туғанда,Қайғыға ұшырап сендер тарыққанда. Сондықтан ажал оған кенет жетер,Сауықпастан біржола құрып кетер. Жолдан безген ауыр жаза тартар,Ескертуді жек көрген опат болар. Жаратқанды лайым қастерлейтін жарылқанар,Ал жүрегін қасарыстырған пәлеге ұшырар. оларға былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Қыш құмыра сынған соң еш жөндеуге келмейтініндей, Мен де Яһуда мен Иерусалимнің халқын «сындырып» тастаймын. Олар өлгендердің мәйіттерін орын қалмағанша Топетте жерлейтін болады.
Выбор основного перевода