Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Қандай көріктісің, сүйгенім, сүйкімдісің!Көк шалғын болады төсегіміз біздің.(Күйеу жігіт:) Самырсын бұтақтары шаңырағымыздай,Жұпар шыршалар уықтарымыздай. Қымбаттым, сен тұтастай әдемісің,Жоқ тұла бойыңда ешқандай мінің! Жаратқан Иеге қатты қуанам,Құдайыма шаттанады жан дүнием,Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі,Үстіме әділдікті де жауып берді!Күйеу жігіт діни қызметкер іспеттіӘшекейлі тәж басына киеді,Қалыңдық асыл тастарын тағады,Дәл солай мен де болдым салтанатты! Жас жігіттің қызға үйленетініндей, сенің тұрғындарың өзіңмен тұрақты байланыс орнатады. Күйеу жігіттің қалыңдығына қуанатынындай, Құдайың да саған шаттанатын болады.
Выбор основного перевода