Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Рубен егін орағы кезінде даладан махаббат алмасы деген жемістер тауып алып, шешесі Лияға алып келді. Сонда Рахила Лиядан:— Ұлыңның махаббат алмасынан берші, — деп сұрады. Ал Лия: — Сен күйеуімді тартып алғаның аз болғандай, енді баламның махаббат алмаларын да алғың келе ме? — деп бермей қойды. Ал Рахила:— Егер маған ұлыңның әкелген жемістерін берсең, онда Жақып бүгін түнде сенімен болсын, — деді. Жақып кешке даладан келгенде, Лия оның алдынан шығып: «Бүгін түнде менімен бірге болсаңыз екен. Соны ұлымның әкелген махаббат алмаларына сатып алдым», — деді. Содан ол түнді Лиямен өткізді. Өткен жылғы астықты әлі жеп бітірмей, жаңа орған өнімді қоймаларыңа құю үшін өткен жылдан қалғандарын шығарып тастайтын боласыңдар. Ғашығым жас жігіттер арасындаАлма ағашындай орман арасында!Саясында оның отыра берсем екен,Жемісі тәтті, ләззат табамын мен. Жемісі тәтті анар бақшасындайӨз өскіндерің, һәм нард пен қынадай. Көтерілші, самал желім, солтүстіктен,Сондай-ақ, жылы желім, оңтүстіктен,Өзімнің бақшама соғып келсеңші,Жұпарларын оның тарата берсеңші!Сүйген жарым өз бақшасына келсін,Тәтті жемістерінен таңдап жесін! Иса:— Сонымен Құдай Патшалығы туралы тәлім алып, Киелі жазбаларды оқытушы әрбір ғұлама өз қазынасынан жаңасын да, көнесін де шығарып отырған үй иесіне ұқсайды, — деп тұжырымдады.
Выбор основного перевода