Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Исраил халқы аморлықтардың барлық қалаларын да қолға түсіріп, соларды, әсіресе, Хешебон мен оған қарасты елді мекендеріне қоныстанып алды. Себебі Хешебон аморлықтардың патшасы Сихонның тұрған қаласы болатын. Ол Моабтың бұрынғы патшасына шабуыл жасап, оның Арнонға дейінгі бүкіл жерін тартып алған еді. Сондықтан жыраулар ол туралы мынадай нақыл айтқан:«Келіңдер Хешебонға, Сихонның қаласына,Қайта салынып, бекітілсін астана! Себебі Хешебоннан от жалыны шықты,Сихонның қаласынан алау лап етті,Моабтың Ар қаласын жалмап қойды,Арнон қыраттарының иелерін қырды. Уа, Моаб халқы, қасірет саған!Хамосқа табынған халық қырылған.Хамос өз «ұлдарын» қашуға қалдырды,«Қыздарын» Амор патшасы Сихонға олжалатты, Ал біз оларды жебе атып талқандадық,Дибонға дейінгі Хешебон елін құрттық,Медеба мен Нофаға дейін ойран салдық!» Мойның сенің сымбатты Дәуіт патшаныңСәулетті салынған мұнарасындай, соныңҚабырғалары әсем әшекейленгенДәуіттің мың батырының қалқандарымен. Лалагүлдер арасында жайылып жүргенЕгіз елікке қос анарың ұқсас екен. Жаудан қашқан босқындар Хешебонның көлеңкесінде күшінен жұрдай болып әрі қарай жүруге қуаты қалмайды. Хешебоннан от шықпақ, ежелгі Сихон патшасының осы қаласынан өрт лап етпек, ол Моаб елін оның қыңыр халқымен қоса өртеп жібереді.
Выбор основного перевода