Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Айнала гүлдер қаулап өсіп кеткен,Құстардың әндетер кезі де келген,Кептер гуілі естіледі әр жерден. Інжірдің алғашқы жемісі пісуде,Жүзім де гүл шашып, хош иіс беруде,Орныңнан тұршы енді, қарашығым,Далаға шығайық, уа, ғашық жарым! Ұстаңдаршы сол кішкентай түлкілерді,Олар бүлдіреді ғой жүзімдіктерді,Жүзімдігіміз гүлдеп тұр себебі.(Қалыңдық:) Жаңғақ ағашының тоғайына бардым,Аңғардың көгорай шалғынын қарадым.Жүзім бұталары бүршік жарды ма,Анар ағаштары гүлдей бастады ма,Соны біліп келуге шықтым далаға. Әлемнің Иесінің бұл жүзім бағы —Исраилден шыққан үрім-бұтағы,Оның сүйсіне еккен бау-бақшасы —Яһуда елінің адамдары.Құдай бұлардан әділдік күтті,Ал, міне, олар жазықсыз қан төкті!Жаратқан Ие олардан адалдық тосты,Ал, міне, жапа шеккендердің айқайыҚұдайдың құлағына жетіп жатты!
Выбор основного перевода