Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Ал енді, менімен жүздесу үшін Қармил тауына бүкіл Исраил халқын, Езабелдің дастарқанынан тамақтанатын Бағалдың төрт жүз елу пайғамбарын және Ашераның төрт жүз пайғамбарын жинап беріңіз! — деді. Сонда Ахаб бүкіл Солтүстік Исраил бойынша жаршыларын жіберіп, халықты және күллі пайғамбарларды Қармил тауына жинады. Айдала жайқала гүлдеп, қуана ән шырқайды. Құла түз енді Ливан тауларындай салтанатты, Қармил тауы мен Шарон жазығындай құлпырып, көрікті болады. Әрбір жан Құдайымыз Жаратқан Иенің салтанатты ұлылығын көретін болады. Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті. Ал қауым — Мәсіхтің рухани денесі. Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады. Ал біз күндікі болғандықтан салауатты жүрейік, сеніміміз бен сүйіспеншілігімізді «сауыт қылып», мәңгілік құтқарылуға деген үмітімізді «дулыға етіп киейік!»
Выбор основного перевода