Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Таң атып, көлеңке жоғалып кеткенше,Жас бұғыдай тау сайларында секірші,Сүйіктім, еліктей кері қайтып келші! Ұйықтап жатып, жүрегім сергек еді.Тыңда, сүйіктім қағып тұр есігімді:«Ашсаңшы есікті, қымбаттым менің,Сүйген жарым, кемелді көгершінім!— Деді ол маған, — шықтан су болды басым,Түннің ылғалынан бұйра шашым!» Жолдағы сай-салалар толтырылсын,Әрі тау-төбелер аласартылсын,Бұралаң жерлері де түзетілсін,Ой-қырлары да түгелдей тегістелсін! (Татулық туралы) ізгі хабарды жеткізушінің таудан асып келгені қандай тамаша! Ол тыныштықты жариялап, бақыттың жақсы хабарын алып келіп, құтқарылуды паш етеді. Сионға: «Құдайың патшалық құрып жатыр!» — деп мәлімдейді. Бұл — Ишая пайғамбардың жазбасында сақталған мына тәрізді сөздеріне сай болды:Жар салған дауыс шығады айдалада:Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар,Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар! Жақия:— Ишая пайғамбар «Жар салған дауыс шығады айдалада: Жаратқан Иеге түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!» деп алдын ала айтып кеткен болатын. Жар салған сол хабаршы менмін, — деп жауап қайырды.
Выбор основного перевода