Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Уа, жаным, керемет қой сұлулығың,Көгершіндей қос жанарың, сондай сұлусың!(Қалыңдық:) Қымбаттым, сен тұтастай әдемісің,Жоқ тұла бойыңда ешқандай мінің! Ұйықтап жатып, жүрегім сергек еді.Тыңда, сүйіктім қағып тұр есігімді:«Ашсаңшы есікті, қымбаттым менің,Сүйген жарым, кемелді көгершінім!— Деді ол маған, — шықтан су болды басым,Түннің ылғалынан бұйра шашым!» Ал көгершінім, мінсізім, айрықша өзі,Ол — шешесінің теңдесі жоқ жалғыз қызы,Өзін туған анасының таңдаулысы!Қыздар оны көргенде мадақтады,Патшайымдар, кәнизактар да мақтады.(Құрбылары:) Уа, бау-бақшада отырған жеріңненДос қыздарың естіп тұр даусыңды сенің,Енді маған да оны естіртсең екен!(Жас келін:) Енді өз қалаларыңды тастап, құз-жартастарды мекендеңдер, Моабтың тұрғындары! Ұясын үңгірдің аузына салатын көгершін сияқты оңаша жерге бас сауғалаңдар! Естеріңде болсын: Мен сендерді қасқырлар арасына жіберілген қойлар сияқты жіберіп отырмын. Сондықтан жыландай көреген, көгершіндей ақкөңіл болыңдар!
Выбор основного перевода