Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Әрбір исраилдік өз әулетінің қосында, өз тұрағының байрағы астында қоныстансын. — Исраилдіктердің әрқайсысы өз әулетінің таңбалары бар байрағының астында қоныстануға тиіс. Олар кездесу шатырынан біраз қашықтықта, оны айналдыра қостарын тіксін. Ел қонысының күншығыс жағында Яһуда руының тұрағы мен байрағы орналассын. Яһуданың рубасы — Әминадап ұлы Нағасон. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — жетпіс төрт мың алты жүз. Одан кейін Исашар руы қостарын тігеді. Исашардың рубасы — Суғар ұлы Нетанел. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу төрт мың төрт жүз. Сол тұрақтағы үшінші ру — Забулон. Забулонның рубасы — Хелон ұлы Елияп. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу жеті мың төрт жүз. Яһуда руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз сексен алты мың төрт жүз. Исралдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көштің алдында жүретін болсын. Ел қонысының оңтүстік жағында Рубен руының тұрағы мен байрағы орналассын. Рубеннің ру басы — Шедеур ұлы Елисур. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық алты мың бес жүз. Одан кейін Шимон руы қостарын тігеді. Шимонның рубасы — Суришадай ұлы Шелумиел. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу тоғыз мың үш жүз. Сол тұрақтағы үшінші ру — Ғад. Ғадтың рубасы — Рәгуел ұлы Әлиасаф. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық бес мың алты жүз елу. Рубен руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз елу бір мың төрт жүз елу. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көш сапында екінші болып жүретін болсын. Бұлардан кейін Леуі руы кездесу шатырын әрі өздерінің тұрағын басқа рулардың тұрақтарының арасында алып жүрулері керек. Олардың орналасу тәртібі қонған кезде қалай болса, көшкен кезде де дәл солай болып сақталсын. Әркім өз байрағының маңындағы орнында жүрсін. Ефрем руының тұрағы мен байрағы ел қонысының батыс жағында орналассын. Ефремнің рубасы — Амихуд ұлы Әлишама. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық мың бес жүз. Одан кейін Манаса руы қостарын тігеді. Манасаның рубасы — Педасур ұлы Гамалиел. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — отыз екі мың екі жүз. Сол тұрақтағы үшінші ру — Бунямин. Буняминнің рубасы — Гидеони ұлы Абидан. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — отыз бес мың төрт жүз. Ефрем руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз сегіз мың бір жүз. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көш сапында үшінші болып жүретін болды. Дан руының тұрағы мен байрағы көштің солтүстік жағында орналассын. Данның рубасы — Амишадай ұлы Ахиезер. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — алпыс екі мың жеті жүз. Одан кейін Ашир руы қостарын тігеді. Аширдің рубасы — Охран ұлы Пагиел. Рудағы санақтан өткен жасақшылардың саны — қырық бір мың бес жүз. Сол тұрақтағы үшінші ру — Нафталим. Нафталимнің рубасы — Енан ұлы Ахира. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу үш мың төрт жүз. Дан руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз елу жеті мың алты жүз. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру өз байрақтарының астында көштің соңында жүретін болды. Шыққан ата-тектерінің әулеттері бойынша санақтан өткен исраилдіктер — осылар. Олардың тұрақтарындағы шайқасқа жарамдылардың жалпы саны — алты жүз үш мың бес жүз елу. Алайда Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауына сай, леуіліктер осы санаққа енгізілген жоқ. Исраилдіктер барлығын да Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауларына сай істеді. Олар осылайша өз байрақтарының астында қонып, шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша жолға шығып, көшіп жүретін. Яһуда тұрағындағы үш ру соның байрағының астында көш бастап шықты. Яһуда руы жасағының басшысы Әминадап ұлы Нағасон, Исашар руы жасағының басшысы Суғар ұлы Нетанел, Забулон руы жасағының басшысы Хелон ұлы Елиап болды. Бұлардан кейін Леуі руының Герсон мен Мерариден тараған екі тармағы киелі шатырды жинап, оны көтеріп алып жолға шықты. Олардан соң Рубен тұрағындағы үш ру соның байрағының астында жолға шықты. Рубен руы жасағының басшысы Шедеур ұлы Елисур, Шимон руы жасағының басшысы Суришадай ұлы Шелумиел, Ғад руы жасағының басшысы Рәгуел ұлы Әлиасаф болды. Олардан кейін Леуі руының Қахаттан тараған тармағы киелі шатырдың жиһаздары мен жабдықтарын көтеріп алып жолға шықты. Бұлар қоныстанатын жерге келіп жетпес бұрын киелі шатыр құрылып, дайын тұратын. Солардан кейін Ефрем руының тұрағындағы үш ру соның байрағының астында жолға шықты. Ефрем руы жасағының басшысы Амихуд ұлы Әлишама, Манаса руы жасағының басшысы Педасур ұлы Гамалиел, Бунямин руы жасағының басшысы Гидеони ұлы Абидан болды. Бүкіл көштің соңын қамтып, Дан тұрағындағы үш ру соның байрағының астында жолға шықты. Дан руы жасағының басшысы Амишадай ұлы Ахиезер, Сонда жеңісіңе қуана әндетеміз,Құдайымыздың атынан ту көтереміз,Тілектеріңді қабыл алсын Иеміз. Әлеміңнің игілігіне тойдырасың,Өзеніңнің рақатына қандырасың. Өңім қара торы, әйтсе де сұлумын,Уа, қыздары Иерусалим қаласының.Қидардағы шатырлардай қара торымын,Сүлейменнің қара перделеріне ұқсаймын.(Қалыңдық:)
Выбор основного перевода