Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Қастерлеңдер Иені, Оның қасиеттілері!Жоқшылық қинамайды Оны қастерлейтіндерді. Мен Жаратқан Иеге былай дейтін болам:Бас сауғалайтын панам әрі қорғаным,Сенімімді Саған артам, уа, Құдайым! Жемісі тәтті анар бақшасындайӨз өскіндерің, һәм нард пен қынадай. Сүйіктісіне сүйене айдаладанКім екен мынау өрлеп келе жатқан?(Жас келін:)Мен сені алма ағашының астында,Анаң саған жүкті болған орнында,Толғатып, сені туған жердің маңындаҚоздырып ұйқыдан оятып алдым да. Әрқайсысы желден қорғайтын панадай, дауылдан бас сауғалайтын қорғаныштай болмақ. Олар құла түзде ағып жатқан өзенге, әрі кеуіп шөліркеген даладағы дәу жартастың саясына ұқсамақ. Оның жапырақтары әдемі, жемісі мол, бәрінің азығына жететіндей болған, көлеңкесін дала аңдары паналап, бұтақтарына құстар ұялайтын сол ағаш өзіңізді білдіреді, уа, патша ағзам. Халқым қайтып келіп, саямда тыныстап, дәнді дақылдай бітік өсіп, жүзім бұтасындай гүлдейді. Сонда атағы жайылып, Ливан шарабындай кең танымал болады. Жүзім бұталары қурап, інжір ағаштары солып қалды, анар, құрма, алма, даладағы барлық ағаштар да қурап қалды. Содан адамдар да қуаныштан ада болды. Құлағы барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын! Жеңіп шыққан әркімге Мен Құдайдың пейіш бағында өсетін, мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаштың жемісінен жегіземін. Ол қала көшесінің ортасымен төменге қарай ағады. Өзеннің әр жағасында өсіп тұрған мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаш ай сайын, жылына он екі рет, жеміс береді. Ал жапырақтары халықтарды сауықтыруға арналған.
Выбор основного перевода