Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8
Параллельные места
Тіл қатып маған былай деді сүйіктім:Тұршы, жаным, бірге жүрші, сүйкімдім! Жүрші, сүйіктім, далаға барайық,Кәне, ауылдарда түнеп шығайық. Інжір ағашынан сабақ алыңдар: оның шыбықтары жұмсарып, жапырақтары шыға бастағанда жаздың таяп қалғанын білесіңдер. Сол сияқты, сендер осы оқиғаларды көргенде Менің таяп есік алдына келіп қалғанымды білетін боласыңдар. Сендерге шындығын айтамын: осы ұрпақ өлмей тұрып-ақ, мұның бәрі іске асады. Содан кейін Иса тыңдап тұрғандарға болашақтағы мына жағдайды түсіндірді: «Інжір ағашы мен барлық басқа ағаштарға қараңдар: жапырақтарының шыға бастағанын көргенде жаздың таяп қалғанын білесіңдер. Сол сияқты, сендер осы оқиғалардың болып жатқанын көргенде, Құдайдың Патшалығының жер бетінде орнайтын кезінің таяп қалғанын білетін боласыңдар.
Выбор основного перевода