Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мәңгі болады билігі Жаратқан Иенің! Себебі билік Жаратқанның қолында,Ұлттардың Иесі Сол болып қалады да! Жаратқан Ие — Патша, Ол билік жүргізуде,Ұлылыққа бөленіп, кенелген құдіретке.Орнынан қозғалмастай берік орнатылған әлем, Нөкерлер қозғалғанда, мен қатты ағып жатқан судың гүріліндей, құдіреті шексіз Құдайдың дауысындай, әрі зор әскердің тұрағындағы ұрандаған атойдай қанаттарының сусылын естідім. Нөкерлер тоқтағанда қанаттарын түсіріп отырды. Кенеттен шығыс жақтан Исраилдің Құдайының келе жатқан нұрлы салтанатын көрдім. Оның үні сарқырап қатты ағып жатқан судың гүріліндей болды. Төңіректегі бүкіл жер Оның салтанатынан нұрланып жарқырап тұрды. Оған құдірет, салтанатты ұлылық және патшалық билік тапсырылды. Барлық халықтар, ұлттар және тілдердің адамдары Оған бой ұсынып құрмет көрсетуге тиіс болды. Ол ешқашан өшпейтін мәңгілік билік құрады, Оның патшалығы еш уақытта жойылмайды! Мынаны тыңдап алып, Жақыптан тараған Исраил халқына қарсы куәлік етіңдер! — деп бұйырады Жаратушы Тәңір Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай. — Өйткені Жаратқан Ие тауларды қалыптастырып, желді соқтырады. Ол өз ой-ниеттерін адам баласына ашып білдіреді. Құдай таңғы арайды қара түнекке айналдырып, әлемнің биік жерлерін де аяғымен басады. Оның Есімі — Жаратқан Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай. Жаратқан Ие бүкіл жер бетінің Патшасы болады. Сол күні Жаратқан Ие бірден-бір Құдай болып, жалғыз Оның есімі ғана мадақталатын болады. Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін Құдай Ие: «Алғашқы да, Соңғы да Менмін!» — дейді. Аяқтары пеште балқыған қоладай жалтырап, даусы сарқырап аққан судың гүріліндей естілді.
Выбор основного перевода