Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Пәле келген күні зұлым адам аман қалады, қаһар шүйілген күні оған құтылып кетуге жол ашылады. Көп уақыт бұрын-ақ Ассур патшасының мәйітін салтанатпен, үлкен отпен өртеп жіберетін орын дайындалып қойылған болатын. Ондағы шұңқыр терең де кең, әрі мол отын қаластырылып дайындалған. Оны өртеп жіберу үшін Жаратқан Иенің лебі жанартаудан шыққан күкірт іспетті отты жалын үрлейді. Содан кейін мен бөсіп мақтанған сөздерін айтқан жаңағы мүйізбен не болатынына назар аудардым. Кенеттен көз алдымда сол төртінші айуан өлтіріліп, денесі лапылдап жанып тұрған отқа тасталып құртылды. Балаларым менің, қазіргі уақыт — осы заманның соңғы дәуірі. Сендер Мәсіхке қарсы шығатын біреу келеді деп естідіңдер, ал қазірдің өзінде де Мәсіхке қарсы шығатын адамдар көп. Біз осыдан-ақ соңғы дәуірдің келгенін біле аламыз. Содан кейін мен жерден шығып жатқан басқа бір айуанды көрдім. Оның Тоқтынікі сияқты қос мүйізі бар екен, бірақ ол айдаһарша сөйледі, әрі алғашқы айуанға қызмет етіп, оның бүкіл билігін жүргізді. Екінші айуан күнәкар дүниені және онда өмір сүрушілердің бәрін ажалды жарақаты жазылған алғашқы айуанға құлшылық еткізіп, зор кереметтер көрсетуге билікті болды: ол тіпті адамдардың көз алдында көктен жерге от түсірді. Алғашқы айуанның алдында жасаған осы кереметтері арқылы ол күнәкар адамзатты түгел алдап, азғырып теріс жолға салды. Оларға семсерден жарақаттанғанмен аман қалған алғашқы айуанның құрметіне мүсін жасауды тапсырды. зор кереметтер көрсетуге билікті болды: ол тіпті адамдардың көз алдында көктен жерге от түсірді. Алғашқы айуанның алдында жасаған осы кереметтері арқылы ол күнәкар адамзатты түгел алдап, азғырып теріс жолға салды. Оларға семсерден жарақаттанғанмен аман қалған алғашқы айуанның құрметіне мүсін жасауды тапсырды. Екінші айуанға осы мүсінге өз рухын енгізетін күш-қуат берілді. Осылайша мүсін тіпті сөйлеп, өзіне табынбайтындардың бәрін өлтірте алатын болды. Айуан барлық адамдарды: үлкенді-кішілі, бай-кедей, құл-еріктіні не оң қолын, не маңдайын таңбалауға мәжбүр етті. Осы таңбасы жоқтар еш нәрсені сатып ала да алмайды, сата да алмайды. Ол таңба — алғашқы айуанның есімі яки есімінің саны.
Выбор основного перевода