Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Едом еліндегі Босорадан келе жатқан, қан қызыл шапан жамылған мына Кісі кім екен? Сән-салтанатпен киініп, зор күшпен алға басқан Бұл кім Өзі? — Ол:— Мен әділдікті айтамын, құтқаруға құдіреттімін, — дейді. — Неліктен киімдеріңіз бен шапаныңыз қып-қызыл? Олар арнайы шұңқырда жүзімді таптап, қызыл шырынын сығып шығаратын кісінің киіміндей қан қызыл ғой? — Мен «жүзімдерді» жалғыз таптадым, халықтардан ешкім қасымда болып көмектеспеді. Ашуға мініп, зұлым жауларымды таптап, қаһарлана басып-жаншыдым. Солардың қаны шапаныма шашырап, барлық киімдерім де ластанды. Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді. Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді. Осылайша жүзім шоқтары қаланың сыртындағы сығу шұңқырында тапталды. Одан тереңдігі ат жалына жететін, ал ұзындығы үш жүз шақырымдай қан тасқыны ағып шықты.
Выбор основного перевода