Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шаттаныңдар енді, уа, басқа ұлттар,Жаратқан Иенің халқымен қатар,(Бар періштелері де Оған тағзым етсін,)Себебі Ол өз қызметшілерініңҚанын төккенге жазасын тартқызадыЖәне өз халқы мен елін тазартады. Бірде Еліше Дамаск қаласына барды. Сол кезде Арама елінің патшасы Бен-Хадад ауырып жатқан болатын. Еліше туралы патшаға: «Құдайдың адамы осында», — деп баяндалғанда, Мойынсұна қастерлеу Жаратқанды:Осы таза ниет мәңгі қалады.Жаратқанның шешімдері шынайы,Барлығы мүлтіксіз де әділетті, Бізді Өзіңе бағынбаған халықтардың«Құдайы қайда екен бұлардың?»Деген мазағына неге қалдырасың?Олар Сенің қызметшілеріңнің қанын төкті,Әділ жаза тартқандарын бізге көрсетші. Уа, Жаратқан Ие, Сен әділсің,Әрі әділетті күллі шешімдерің! Ал Құдай Өзі таңдап алған, Өзіне күні-түні жалбарына сиынған адамдарының мүдделерін қорғамай ма? Әлде соны ұзаққа созып жібере ме? Сендерге шындығын айтамын: Құдай олардың мүдделерін тезірек қорғайды! Алайда Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келгенімде жер бетінен Өзіме сондай қатты сенетіндерді таба алар ма екенмін?» Олар қатты дауыспен:— Уа, киелі де шынайы Билеуші! Қашанғы Сен жер бетіндегі адамдарды соттамай, төккен қанымыздың құнын талап етпей жүресің?» — деген сұрақ қойды. Саған мойынсұнбаған ұлттар ашу-ызаға кенелді. Алайда Сенің қаһарыңды шашып, о дүниеге аттанғандарды соттайтын уақытың келді. Енді Сен қызметшілеріңе: пайғамбарларың мен барлық халқыңа, Өзіңді құрметтейтін үлкен-кішінің бәріне де сыйыңды бересің. Ал жерді құртқандардың өздерін құртасың». Олар Құдайдың қызметшісі Мұсаның жырын және Тоқты жөніндегі жырды айтып тұрды:«Уа, Құдай Ие, бүкіл әлемнің Билеушісі,Сенің істерің керемет те ұлы!О, халықтардың мәңгілік Патшасы,Сенің жолдарың әділ де шынайы! Сонда мен түтету үстелі жағынан былай деген дауысты естідім: «Иә, Құдай Ие — бүкіл әлемнің Билеушісі, Сенің үкімдерің әділ де шынайы!» Жеті тостағаны бар жеті періштенің бірі қасыма келіп, маған былай деді:— Жүр, мен саған көптеген сулардың үстінде отырған «аты шулы опасыз әйелдің» сотталып, жазалануын көрсетейін.
Выбор основного перевода