Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Күнәкарлар жер бетінен аласталсын,Әділетсіздер енді қайтып болмасын.Жан-тәніммен Жаратушыны мақтаймын.Жаратқан Иемізді мадақтаңдар әрдайым! Мен Ізгі хабар үшін еш ұялмаймын, ол — Мәсіхке сенетін барлық адамдарды, алдымен яһудилерді, сондай-ақ басқа ұлт адамдарын да құтқаратын Құдайдың құдіреті! «Уа, Құдай Иеміз, Сен даңқ пен ұлылыққа, құрмет пен билікке лайықсың! Өйткені бүкіл әлемді жаратқан Өзіңсің; Сенің еркіңмен ол жаратылды және бола да береді». Тоқты бесінші мөрді сындырып ашқанда, мен құрбандық үстелінің астыңғы жағынан Құдайдың хабарын жариялап, сенімдеріне адал қалғандары үшін шейіт болғандардың жандарын көрдім. Жиналғандар қатты дауыспен былай деп мақтау айтты:— Құтқарылу тақта отырған Құдайымыз бен Тоқтының билігінде! — Аумин. Дәріптеу, ұлылық және даналық,Шүкірлік, құрмет, құдірет пен билікБіздің Құдайға арналған мәңгілік!Аумин. Жетінші періште кернейін тартқанда, көктен: «Әлемді басқару билігі Жаратқан Иеміздікі және Оның тағайындаған Патшасы Мәсіхтікі! Ол мәңгілік билік жүргізетін болады!» — деген қатты дауыстар шықты. Содан кейін мен көктен шыққан қатты дауысты естідім. Ол былай деді:«Енді Құдай (Өзінің халқын) құтқарды! Ол құдіретін көрсетіп, патшалық етіп, билік жүргізеді. Оның тағайындаған Патшасы Мәсіх өктемдік етеді! Ал Құдай алдында күні-түні бауырластарымызға жала жауып келген шайтан көктен лақтырылып тасталды. «Уа, көктегілер, Құдайдың халқы,Елшілері мен пайғамбарлары,Бұған қуанып, шаттаныңдаршы!Құдай оны соттап жазалады,Ал қиналған сендерді ақтады!»
Выбор основного перевода