Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң түнгі түсімде төртінші айуанды да көрдім. Ол өте қорқынышты, үрей туғызатын және асқан қуатты екен. Оның үлкен-үлкен темір тістері болды. Айуан алдына келгеннің бәрін жалмап, парша-паршасын шығарып, қалғанын аяқтарымен таптап жүрді. Ол бұған дейінгі барлық айуандардан өзгеше болды. Оның он мүйізі де бар еді. Бұдан кейін айдаһар теңіз жағасында тұрды. Сонда мен теңізден шығып келе жатқан бір айуанды көрдім. Оның он мүйізі мен жеті басы бар еді. Әрбір мүйізінде бір тәжден болды. Ал бастарында Құдайды қорлайтын атаулары жазылыпты.
Выбор основного перевода