Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Толғақ қысқан әйелдің аурудан бүрісіп айқайлағанындай, біз де көз алдыңда қиналдық, уа, Жаратқан Ие. Ал Құдайдың таңдаған қаласы толғатпай-ақ босанып, қиналмай-ақ ұл туған әйел секілді болады. Мұндайды кім естіп, кім көрген? Бір күннің ішінде тұтастай бір ел туып, бүкіл халық пайда бола ала ма? Әрине, бола алмайды. Алайда Сион толғақ азабын шегер-шекпестен «балалы болып», бір күнде-ақ тұрғындарға толатын болады. — Айы-күніне жеткізе отырып, Мен Сионды қалайша босандырмаймын? Туу қабілетін сыйлай тұра, қалайша оның құрсағын бекітіп қоямын? — дейді астарлап Құдайың Жаратқан Ие. Иерусалимді сүйетіндердің бәрі де, онымен бірге шаттана қуаныңдар! Азап шеккен бұл қала үшін қайғырған барлығың да, онымен бірге мәз-мейрам болыңдар! Уа, Сионның халқы, толғатып жатқан әйелдей азаптан бұратылыңдар! Себебі сендер енді қаланы тастап, ашық далада түнеуге мәжбүр боласыңдар. Бабыл еліне кетесіңдер, бірақ сол жерде кейінірек құтқарыласыңдар. Сонда Жаратқан Ие сендерді жау қолынан азат етеді. Балаларым менің! Баласын туғанда толғақ азабын басынан кешкен анадай мен тағы да сендерді уайымдап қиналып жүрмін. Бұл, мінез-құлықтарыңнан Мәсіхтің болмысы толығырақ көрінгенше, жалғаса бермек.
Выбор основного перевода