Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Заңғар көк шаттансын, жер де қатты қуансын,Теңіз бен ондағылар бәрі шуылдасын, Аспан, мұны істеген Тәңірді әнмен мадақта,Жер, сен де Оны дәріптеп шаттана айқайла,Шуылдап мақтаңдар, таулар, орман ағаштары да:Жаратқан Жақыптың әулетін құтқарып алды,Өз ұлылығын Ол Исраилде жар қылды! Ей, аспан, шаттана шырқап, жер де, қатты қуанып, тау-төбелер де, шуылдап мақтау айтыңдар! Жаратқан Ие өз халқын жұбатып, азап шеккендеріне жаны ашып мейірім танытады. Бала келе жатқанда, жын оны жерге жығып, қатты қалшылдатты. Иса жынға қатаң тыйым салып, баланы сауықтырды. Содан оны әкесіне тапсырды. Сөзін астарлап жалғастырып: — Жарық барда, Мені Жібергеннің тапсырған игі істерін істеуіміз керек. Қараңғы түскен соң, ешкім еш нәрсе істей алмайды. Салауатты да сергек болыңдар! Сендердің қас жауларың, шайтан, ақырған арыстандай қауымды айнала шарлап, кімді жалмасам деп торуылдап жүр. Мұнан кейін қарасам, аспанда ұшып жүрген бір бүркітті көріп, оның қатты дауыспен: «Қасірет, қасірет! Қалған үш періште кернейлерін тартқанда, күнәкар дүниеде өмір сүргендердің қасіреті қандай болмақ!» — деп ескерткенін естідім.
Выбор основного перевода