Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер де Жаратқан жар болмағанда,Адамдар бізге шабуыл жасағанда, Бізге қарсы қаһары жалындағанда,Олар бізді тірідей жұтар еді, Су ағымындай басып тастар еді,Тасқын судай бізді тұншықтырар еді, Буырқанған судай басып өтер еді». Біліп қойыңдар: сол себепті Мен, Тәңір Ие, Евфрат өзенінің буырқана тасыған мол суларын, яғни Ассур патшасын, күллі қарулы күштерімен осы жерге бағыттаймын. Евфрат өзені көктемде арна-салаларынан асып-тасып, сулары адамдардың мойнына дейін көтеріледі. Сол сияқты, Ассур патшасы мен оның әскері де жуырда бүкіл Яһуда жеріне жайылып шығып, бұлқан-талқан болып ағып, елді басып кетеді! О, Имануил, оның кең қанаттары бүкіл жеріңе жайылатын болады!» Мысырдың әскері Ніл өзеніндей асып-тасып, толқындары асау ағындай бұлқынады. Ол мақтанып:— Мен тасып, бүкіл жер бетін жабамын, әрбір қаланы тұрғындарымен қоса қырып тастаймын! — дейді.
Выбор основного перевода