Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Сендер Менің мысырлықтарға не істегенімді, әрі өздеріңді балапандарын қанаттарымен тасыған қыран іспетті осы жерге аман-есен алып келгенімді көрдіңдер. Ал сенім артқандар Жаратқан ИегеЖаңа күш-қуатты иемденеді де,Қырандай қанаттарын жайып кеңістіккеСамғай жөнеледі, алайда талмайды,Жүре береді, бірақ еш болдырмайды. Сол патша Алла Тағалаға қарсы сөйлеп, Оған бағышталған адамдарды жәбірлеп қалжырататын болады. Ол Құдайдың Тауратта белгілеген мейрамдары мен заңдарын өзгертуге ұмтылады. Құдайға бағышталған жандар бір кезеңге, екі кезеңге және жарты кезеңге оның қол астына беріледі. Ақ бәтес киінген, өзен суының үстінде тұрған әлгі хабаршы екі қолын да аспанға қарай көтеріп, мәңгі тірі Хақ Тағаланың атымен ант етіп былай деді:— Бұның бәрі бір кезеңге, екі кезеңге және жарты кезеңге созылады! Құдайға бағышталған халықтың күші түбегейлі күйрегенде осы оқиғалар аяқталады! «Ал енді Мен оны еліктіріп, айдалаға алып шығып, жүрегіне жылы сөз айтамын. Мен оған жүзімдіктерін қайтарып беремін. «Ахор (яғни Пәле) аңғары» ол үшін «Үмітке апаратын қақпа» іспетті болады. Сол жерде ол жастық шағындағыдай, Мысырдан шыққан кезіндегідей, ән-жыр шырқайтын болады». Ал әйел Құдай алдын ала дайындап қойған айдаладағы бір жерге қашып құтылды. Сол жерде әйелге бір мың екі жүз алпыс күн бойы қамқорлық жасалатын болады.
Выбор основного перевода